21 ақпан 2017 | 16:46

Димаш Құдайбергеннің әкесі: Тыныш кетейін деп едім

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев наурыз айынан бастап ұлына Қытайдағы I Am a Singer байқауына дайындалуға көмектеседі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әншінің ата-анасы айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев наурыз айынан бастап ұлына Қытайдағы I Am a Singer байқауына дайындалуға көмектеседі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әншінің ата-анасы айтты.

Димаштың ата-анасы үлкен ұлының жетістіктеріне қуанып жатқандарын, бірақ халықтың оларға соншалықты қызығушылық танытуына дайын болмағандарын айтты.

Реклама
Реклама

"Мен таңғалып отырмын, жеке құпия дейтіндей ештеңе қалмады. Кейде маған журналистер хабарласып, қитұрқы сұрақтар қойып жатады. Менің отбасымда ондай дүниелерді айтуға болмайды", - деді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.

"Жақында мен жұмыстан кетуіме байланысты өтініш жаздым. Ұлыма көбірек уақыт бөлу керек. Халықаралық деңгейде болғандықтан ұлымның шығармашылығымен айналысуды жөн көрдім. Отбасыммен ақылдаса отырып, үлкен ұлыма көмек көрсетуді шештім. Әкімге айттым, еңбек демалысын алу туралы және кейіннен жұмыстан кететінім жайлы өтініш жаздым. Тыныш кетейін деп едім, бірақ... Қайдан ғана (бәрін біліп қояды - автор.)", - деді Қанат Айтбаев.

Ал Қанат Айтбаевтың әйелі облыс басшылығының олардың дарынды ұлына көмектесу туралы шешімін қолдағанын айтып өтті Енді наурыз айының басында отағасы Қытайға кетеді екен. Ол онда ұлына моральдық көмек көрсетпекші. Ал Светлана Айтбаеваның өзі қазіргі уақытта облыстық филармонияда ән айтады. Сондай-ақ, ол күйеуі Қытайға кеткен соң Қазақстанда кішкентай екі баласымен қалатынын айтты.

"Ұлымызды басқа мемлекетте жалғыз қалдырғымыз келмейді", - деді Димаштың анасы.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер де Қанат Айтбаевтың өз еркімен Мәдениет басқармасы басшысы қызметінен кету туралы өтініш қалдырғанын растады. "Облыс әкімі оның өтінішін қанағаттандырды. Облыс басшылығы кейінірек ұлына қатысты жоспарларға барынша көмек көрсетуге уәде берді", - деді әкімдіктегілер.

Сондай-ақ, әншінің ата-анасы I Аm a Singer байқауының келесі кезеңіне қандай жоспарлары бар екенін айтып берді. Айта кетейік, Димаш Құдайберген жетінші кезеңде қазақ тілінде ән айтады. Қазіргі уақытта ол оркестермен дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Әрине, жанкүйерлердің көп болуы бір жағынан қатты шаршатады. Бірақ ол әлі жас қой, оған бұл ұнайды. Институттағылар Димаштың сабаққа келмей жүруіне қарсылық танытып жатқан жоқ. Оны басшылықтың (оқу орны - автор.) өзі жіберген еді. Олар байқаудың қалай өтіп жатқанын қарап жүр, оған қажетті костюмдерді де жіберіп жатыр", - деді әншінің анасы.

Қанат Айтбаевтың айтуынша, Қытайдағы байқау аяқталған соң Димаш Қазақстанда "ДимашӘли" шығармашылық орталығымен айналысатын болады. Бұл орталықты Қанат Айтбаев пен оның досы ашқан.

"Бұл екі адамның атынан құрылған атау. Әли -менің досымның ұлының есімі. Біз бұл орталықты 1997 жылы ашқанбыз. Сол кезде біз дисктерді шығарумен, бейнебаян мен жарнама роликтеріне дайындаумен айналысатынбыз. Енді осы орталықтың базасы негізінде Димаштың шығармашылығын жетілдіреміз. Байқау - бұл да үлкен бір жұмыс. Кезеңдердің арасы 5-6 күн ғана. Осы уақытта әнді орындап, оны дұрыс жеткізу де керек. Біз оны өзіміз кәсіби нарыққа шығарамыз. Сіздер мұны продюсерлік десеңіздер, мүмкін солай болар", - деді Қанат Айтбаев.


© Instagram

Осыған дейін Қанат Айтбаевтың ұлы үшін мемлекеттік қызметтен кететіні жайлы хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, өткен сенбіде, 18 ақпанда Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсеткен болатын. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV арнасындағы I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсетіп, Бруно Марс пен Марк Ронсонның "Uptown Funk" атты әнін орындады. Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауы 14 кезеңнен тұрады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная