30 шілде 2021 17:27

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Europa Plus TV-де көрсетіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Europa Plus TV телеарнасы эфирінен көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Europa Plus TV телеарнасы эфирінен көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік Europa Plus TV телеарнасында бейнебаянның көрсетілімі 30 шілдеде Мәскеу уақытымен 18.35-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.35-те) өтеді.

Реклама
Реклама

Клип 2021 жылдың сәуірінде Димаш Құдайбергеннің ресми YouTube-арнасында жарияланған болатын.

Экшн жанрындағы шағын фильмге ұсас бейнебаянның түсірілімі Алматыда болды. Түсірілім басталар алдында режиссер Радислав Лукин дайындық жұмыстарымен айналысу үшін Қазақстанға ұшып келген.

Клиптің қоюшы-операторы Азамат Дулатов Димаш үшін түсірген бүкіл бейнебаянның ішінде ең қиыны осы болғанын айтты. Жалпы, жаңа бейнеклип үшін 70-тен аса адам қатысқан түсірілім тобы жұмыс істеген.

Бейнебаяндағы трюктерді қазақстандық, сондай-ақ шетелдік танымал кинокартиналарда жұмыс істеген Kazakh union каскадерлік тобы ұйымдастырған. Олардың ішінде: "Неудержимые 2", "Дневной дозор", "Кочевник", "Рэкетир" фильмдері бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram