Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де жарық көрді

© Тұрар Қазанғапов

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де көрсетілді, әнші үздік бестіктің қатарына қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де көрсетілді, әнші үздік бестіктің қатарына қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Димаш Құдайбергенді MTV USA эфирінде көрсететіні хабарланған болатын. Ол бейнебаянын MTV-де қазақ тілінде көрсеткен алғашқы қазақстандық әртіс.

@kaztengrinews

Димаш Құдайбергеннің қазақша әні MTV USA эфиріне шығады ?

♬ оригинальный звук - kaz.tengrinews
Реклама
Реклама

Видео MTV USA арнасында, ал АҚШ-тан тыс көрермендер үшін MTV-дің YouTube-тегі ресми арнасында қол жетімді.

"Бүкіл әлемдегі шығармашылығымның жанкүйерлеріне мұны жасауға көмектескендері үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Менің Dears-терімнің тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен баға жетпес қолдауы арқасында менің бала күнгі бір арманым орындалы. Мен өте қуаныштымын, сіздерге деген ризашылығым шексіз", - деді Димаш.

Қазақстандағы АҚШ елшілігі әртісті MTV арнасындағы дебютімен құттықтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама