16 қараша 2018 | 17:21

Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне барлық билет сатылып кетті

© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайбергеннің концертінде аншлаг болады деп болжанып отыр. Лондон тұрғындары билеттердің басым бөлігін сатып алып қойған. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Димаш Құдайбергеннің концертінде аншлаг болады деп болжанып отыр. Лондон тұрғындары билеттердің басым бөлігін сатып алып қойған. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Астанада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен кездесті. Мұхамедиұлы әншіні таяуда Мәскеуде сәтте өнер көрсетуімен құттықтады.

Реклама
Реклама

"Бүкіл әлем бойынша үлкен тур болады, бүгінге дейін бірнеше концерт өтті. Лондон - әлемдік мәдениеттің ірі орталығы. Жеке концерт беру үшін ерлік керек. (...) Лондондағы концерт залында 2 000 орын бар. Сосын жанкүйерлерге арналған бөлек орын жасадық. Барлығы 4 600 орын бар. Барлық билет сатылып қойды", - деді министр. 

"Өкінішке қарай, концертте қазақстандықтардың 3-4 пайызы ғана болады. Билеттің барлығын дерлік Лондон тұрғындары сатып алып қойды", - деп нақтылады министр.

Әншінің әкесі Қанат Айтбаев концертте әндердің түрлі тілдерде орындалатынын айтты.

Мұның алдында Лондонда 19 қарашада Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтетіні жайлы хабарланған болатын. Сатылған билеттерден түскен барлық қаражат Қазақстанның дарынды жастарын халықаралық беделді байқаулар мен концерттерге қатыстыруға қолдау көрсету үшін жұмсалады. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная