11 желтоқсан 2019 | 13:34

Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті қалай өтті?

© Тұрар Қазанғапов

10 желтоқсанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Barclays Center аренасында Димаш Құдайбергеннің Arnau Tour Envoy концерті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

10 желтоқсанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Barclays Center аренасында Димаш Құдайбергеннің Arnau Tour Envoy концерті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Димаш Arnau шоуының үздік сәттері енген, жаңартылған Arnau tour ENVOY бағдарламасын ұсынды.

Реклама
Реклама

Barclays Center - Jay-Z, Бейонсе, Мадонна, Рианна, Пол Маккартни мен өзге әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен Нью-Йорктегі әлемге әйгілі сахна. Димаш Құдайберген осы алаңда өз концертін берген тұңғыш қазақстандық орындаушы болып отыр.

Аренада ине шаншар орын болмады: концерттің билеттері санаулы күн ішінде өтіп кеткен. Әншінің Dears аталатын жанкүйерлері әлемнің 54 елі мен АҚШ-тың 41 штатынан келіп, өз кумирлерімен кездесуді тағатсыздана күткенін айта кеткен жөн.

Димаш Құдайберген АҚШ-қа аяқ басқан сәттен-ақ Джефри Кеннеди атындағы әуежайда әлемнің түкпір-түкпірінен келген Dears күтіп алды.

"Қолдаударыңызға мыңда бір рахмет! Мен сіздерді жақсы көремін! Бұл менің Нью-Йорктегі алғашқы концертім!" - міне, Димаш көптің қомешетіне бөленіп, өзінің алғашқы композициясын орындағаннан кейін көрерменмен диалогты осы сөздермен бастады. Димаштың айтуынша, үлкен сахнада өнер көрсетіп, қазақ мәдениетін әлемге жеткізу - оның бала кезден бергі арманы болған. Бүгін Нью-Йоркте бұл асыл арман орындалды!

Димаштың орындауындағы Olimpiсo композициясы көрерменді дүр сілкіндірді десе де болады! Ән барысында бүкіл залдың демін ішіне тартып тұрғаны байқалды.

Көрермен үшін тағы бір тосын сый - Baqytty bala фестиваль-байқауының Бас жүлдесінің иегері Әйгерім Тілеубектің сахнаға шығуы еді. Димаш ол өнерпазды биыл жазда марапаттап, келесі концертіне шақырған болатын. Димаш уәдесін орындап, Әйгерім Нью-Йорктегі концертте "Гаухар" әнін орындады.

Димаштың залдағы көрерменмен бірге айтқан "Қалжыраған аққулардың сезімі" ("Любовь уставших лебедей") әні барлық ойға сыйымды, тіпті, ойға келмейтін рекордтарға ие болды. Тыңдармандар ән біткеннен кейін де белгілі композицияны ұзақ уақыт бірге шырқап тұрды.

Кеш бойы Димаш сахналық бейнені бірнеше рет ауыстырды. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен бірегей еді. Ең басты ерекшелігі, костюмдер ұлттық қазақы стильде болғанын атап өту керек.

Шоуда хореографиялық элементтерді DQ Dance Pro балет бишілері мен Astana Балеттің балеттік группасы орындады. Кеш репертуарында "Қалжыраған аққулардың сезімі", SOS d'un terrien en détresse, "Дайдидау" және басқа да сүйікті хиттер орындалды.

"Біздің еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның дарынды балаларының дамып, шыңдарды бағындыруына белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді. Димаш - осы бағыттағы жұмыстың айқын дәлелі. Бұл министрліктің қолдауымен ұйымдастырылған Димаштың алғашқы концерті емес. Естеріңізде болса, өткен жылы әншінің Лондонда алғашқы жеке концерті дүркіреп өткен болатын. Сіз және біз - Димаш Құдайберген атты әлемдік жаңа жұлдыздың жанғанын көрген куәміз деп ауыз толтырып айтуға болады. Ол - әлемді тамсандыра бағындырған тұңғыш қазақстандық орындаушы", - деді Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов.


Суреттер: © Тұрар Қазанғапов

Концерт барысында қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілдеріндегі әндер шырқалды. Әр нөмірдің ең ұсақ деген қыр-сырларының бәрі де ойластырылған: декорациялар, костюмдер, көрнекі шешімдер - ұмытылмас әсер қалдырып, орындалған шығарманы тыңдарманға терең түсіндіруге көмектесті. Көрермен әр жаңа нөмірді зор толқумен күткені анық еді. Сүйікті әндер айтылғанда - зал бірге шырқады. Осылайша, Димаш Құдайберген қазақ мәдениетінің әлемдегі елшісі бола отырып, концерттің басты идеясын жүзеге асырды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная