19 қазан 2018 09:29

Димаш Құдайбергеннің Screaming әніне түсірілген бейнебаяны ресейлік арнада топ жарды

Димаш Құдайберген © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайбергеннің Screaming әніне түсірілген бейнебаяны ресейлік "Муз ТВ" арнасында топ жарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің Screaming әніне түсірілген бейнебаяны ресейлік "Муз ТВ" арнасында топ жарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әншінің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Facebook желісіндегі парақшасында жария етті. 

Реклама
Реклама

"Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ орындауындағы " Screaming" әніне түсірілген бейнебаян Ресейдің "Музтв" телеарнасының "музраскрутка" бағдарламасы арқылы көрермендер арасында жалпы дауыс беру жүйесі бойынша сынға түскен болатын. Бір ай көлемінде интернет арқылы өткізілген жарыс нәтижесі бойынша Димаштың орындауындағы аталмыш ән жалпы есепте 97% дауыс жинап жеңімпаз атанды", - деп жазды продюсер.

Оның айтуынша, сайыстың шартына сәйкес бұл клип енді "Музтв" телеарнасында тегін ротацияға ие болған.

Осылай деген ол дауыс беріп, зор қолдау білдірген барлық жанкүйер, тыңдарман қауымға алғысын айтты.

Айта кетейік, Screaming әніне түсірілген бейнебаян Youtube желісінде биылғы мамырда жарияланып, бүгінге дейін миллионнан аса қаралым жинаған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram