28 желтоқсан 2020 | 20:30

Димаш өзін сынағандардың видеосы туралы пікір білдірді

Димаш Құдайберген "Привет, Андрей" бағдарламасында

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік "Сәлем, Андрей" шоуының эфирі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік "Сәлем, Андрей" шоуының эфирі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты достар, "Россия" арнасындағы "Привет, Андрей" бағдарламасының кешегі эфирін көрген шығарсыздар. Бағдарламада кішкентай, бірақ мен үшін өте маңызды эпизод болды, ол эфирге шықпай қалды. Мен өз еліммен мақтанамын және барлық жерлестерімді жақсы көремін дедім.

Сонау 2013 жылы "Саз әлемі" бағдарламасы барлық қазақстандықтың маған деген қарым-қатынасының көрсеткіші емес. Мен сол бағдарламаға дейін де ән салып, халықаралық сайыстарда жеңімпаз атанып жүргенмін. Өзім қалағандай ән салуды жалғастыра беремін, өз шығармашылығымды өзім қалағандай жалғастырамын", - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Реклама
Реклама

"Менің ата-анам, жақындарым, достарым бар, олар маған барлық жағынан көмектеседі. Бірақ мен қазір бірінші кезекте Қазақстанның арқасында кім болғанымды түсіну керек. Себебі мен Қазақстанда өстім, қазақ тағамынан дәм таттым, вокалдан қазақ педагогынан дәріс алдым, қазақ отбасында өстім. Мені шабыттандыратын және алға жетелейтін нәрсе - менің ұлтым және менің елім! Менің мансабым Америкада немесе Қытайда шарықтай бастағанымен, халықаралық байқауларға мен жалғыз ниетпен - елімізді даңқты ету үшін бардым", - деп қосты ол.

Әртіс Қазақстанның даңқын асқақтатпу туралы мақсаты болмаса шетелде өнер көрсетпеуі мүмкін болғанын да айтты.

"2013 жылғы видео туралы айтсам, достар, шынымды айтсам, мен бұл видеоны қайтадан көремін деп күтпеген едім, өйткені мен бұл жағдай туралы баяғыда ұмытқанмын. Ресейлік әріптестерімнің алдында өз жағымды қорғаштамағаным үшін әлі күнге дейін біреуге өкпелеп жүр деп ойламаңыздар. Жоқ, Тағы да жоқ. Сол кеште мен отандастарымды қорғау үшін сөз айттым, өкінішке амал не, қандай да бір себеппен бұл үзінді эфирге шықпай қалыпты. Сондай-ақ, мен қосқым келетіні, қымбатты достар, қазірдің өзінде бұл ыңғайсыз видеоны таратуды тоқтатайық. Осынша жыл өтті, ал адамдар әлі күнге дейін талқылауын тоқтатпайды", - деді Димаш Құдайберген.

"(...) Әр кезде осындай жағымсыз сөздер естіген маған да жағымсыз. Бұл видео әртүрлі елде пайда болып жататыны ұнамайды. "Болары болды. Өз басым бұл туралы ұмытып кеттім. Қазір біз бір-бірімізді қолдауымыз керек, өйткені қазір әлемде хаос болып жатыр. Мейірімді, әдепті болайық. Ешкімді ренжітпейік", - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Привет, Андрей!" бағдарламасына қатысқан еді. Студияда танымал ресейлік орындаушылар мен әртістер Валерий Леонтьев, Лев Лещенко, Николай Басков, Игорь Крутой, Григорий Лепс, Сергей Лазарев, Дима Билан, Лолита, Александр Реввалар болды.

Талқылау барысында жүргізуші Андрей Малахов жиналған атақты адамдарға 17 жастағы Димашты "Ел Арна" телеарнасындағы "Саз әлемі" бағдарламасының қазылар алқасы сынаған 2013 жылғы бейнежазбаны көрсетті.

Роликті көргеннен кейін ресейлік жұлдыздар пікір білдіре бастаған.

"Жалпы, бұлар кім?" - деп сұрайды Басков пен Малахов.

1.13.10 бастап қараңыз:

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная