Димаштың жанкүйерлері "Самалтау" әнін украин тілінде орындады

Видеодан кадр

Димаш Құдайбергеннің украиналық жанкүйерлері қазақтың халық әні "Самалтауды" ана тілінде шырқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украинаның Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.

Димаш Құдайбергеннің украиналық жанкүйерлері қазақтың халық әні "Самалтауды" ана тілінде шырқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украинаның Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.

Елшіліктің баспасөз қызметіндегілер Димаш алғаш рет "Самалтау" әнін 2019 жылдың 20 қазанында Қытайдың Фучжоу қаласында "Жібек жолы" халықаралық кинофестивалінің жабылуында орындағанын атап өткен.

"Музыканттардың қазақ халық аспаптарында орындаған композициясы қазақ халқының қайғылы тарихын баяндайды", - деп жазады елшіліктегілер.

Реклама
Реклама

Ал енді оны Димаштың украиналық жанкүйерлері орындады.

Әлемге танымал Димашты жақсы көретін жанкүйерлері оның әнін алғаш рет орындап тұрған жоқ, деп жазды елшіліктегілер. Дүниенің әр түкпіріндегі тыңдармандары оның әндерін өз тілінде орындайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама