Димаштың талантына тәнтіміз - HUNAN телеарнасының директоры

Димаштың талантына тәнтіміз - HUNAN телеарнасының директоры © ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

HUNAN.TV телеарнасыны? бас директоры Люй Хуанбин I am a Singer бай?ауыны? финалды? ба?дарламасына арнайы ?аза?станнан ?ытай?а келген делегацияны ?зі к?тіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р М?дениет ж?не спорт министрлігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

HUNAN.TV телеарнасының бас директоры Люй Хуанбин I am a Singer байқауының финалдық бағдарламасына арнайы Қазақстаннан Қытайға келген делегацияны өзі күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Вице-министр Ақтоты Райымқұлова мен Люй Хуанбин әңгіме барысында қытайлық телеарнаның директоры қазақстандық өнерпаздардың потенциалы жоғары екенін айтты. 

"Димаш Құдайбергеннің біздің байқауда өнер көрсетуі қазақстандық орындау өнерінің жоғарғы деңгейде екенін көрсетеді. Біз оның талантына тәнті болдық, финалда жеңіске жетуіне тілектеспіз", - деді ол. 

Реклама
Реклама

Димашты қолдауға келген қазақстандық делегацияның құрамында Айман Мұсаходжаева, Астана Опера театрының директоры Ғалым Ахмедияров, Асхат Маемиров, Димаштың ата-анасы - Қанат және Светлана Айтбаевтар. Сонымен қатар, Қытайдағы ҚР елшісі Шахрат Нұрышевта қатысты.  

Еске салайық, Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өткен I am a Singer байқауының финалында 2-орынды жеңіп алды. Бірінші орынды Гонконг әншісі Sandy Lam алды. 

Қазақстандық әнші финалда әйгілі Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Dangerous, Billie Jean, Earth song атты әндерін орындады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама