Қазақстандық 12 жастағы өнерпаз Ержан Максим Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision 2019 байқауында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жас вокалист "Арманнан қалма" атты әнді орындады.
Айта кетейік, ереже бойынша, жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі мен құрамына үшеуі ересек және екеуі балалардан құралған 5 адам, байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтады. Ержан 227 ұпай жинады. Бірінші орынды поляк орындаушысы Виктория Габор алды - 278 ұпай. Үшінші орын Испания әншісінде.
Жас дарынды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.