"Евровидение-2018" жеңімпазы анықталды

© Reuters

Лиссабонда 12 мамырда "Евровидение-2018" халы?аралы? ?н бай?ауыны? финалы ?тті. Финалда 26 ?нші ?нер к?рсетті, олар - "?лкен бестік" елдеріні? (Германия, ?лыбритания, Франция, Италия, Испания) ж?не шараны ?ткізген Португалияны? намысын ?ор?а?ан ?нерпаздар. Концертті Бірінші арна трансляциялады.

Лиссабонда 12 мамырда "Евровидение-2018" халықаралық ән байқауының финалы өтті. Финалда 26 әнші өнер көрсетті, олар - "Үлкен бестік" елдерінің (Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания) және шараны өткізген Португалияның намысын қорғаған өнерпаздар. Концертті Бірінші арна трансляциялады.

Кәсіби әділ қазылар мен телекөрермендердің дауыс беруі нәтижесінде байқаудың бірінші орыны Израиль әншісі Нетта Барзилайға бұйырды. Ол YouTube желісінде суперхит болып, клипі 25 миллион көрілім жинаған Tоу композициясын орындады.

Реклама
Реклама

Әнші қазылар алқасының дауыс беруінен кейін бесінші орында тұрған. Алайда көрермендер оған өте жоғары балл беріп, ол жеңіске жетті.

Айта кетейік, өткен жылғы "Евровидение" байқауының жеңімпазы Сальвадор Собрал Неттаның әнін сынап, "өте жаман" деген еді. Оның бұл сөзі үлкен жанжал тудырды.

Нетта 1993 жылы 22 қаңтарда Ход-ха-Шарон қаласында дүниеге келген. Ол "А-Кохав А-Ба Ле-Эйровизйон" шоуының жеңімпазы, әнші сол шоудың арқасында "Евровидение" байқауында елінің намысын қорғауға мүмкіндік алған.

Екінші орын Кипр әншісі Элени Фурейраға бұйырды, ол Fuego әнін орындады, үшінші орында - австриялық әнші Сезар Сэмпсон, ол орындаған композиция - Nobody But You. 


Элени Фурейра


Сезар Сэмпсон

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама