"Евровидение" байқауына билет сату уақытша тоқтатылды

Камила Долаева Журналист
©REUTERS

Тель-Авивте өтетін "Евровидение" байқауына билет сату уақытша тоқтатылды, себебі көрермен залындағы жүздеген ең жақсы орын тамыр-таныстың арқасында жергілікті танымал адамдар арасында бөлінген деген күдік бар. Бұл туралы "Кан" израильдік телерадиокорпорациясы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі. 

Тексеріс барысында тәртіп бұзушылық расталса, корпорация билеттерді еркін сатуға уәде берді.

Реклама
Реклама

"Корпорация сатылымды уақытша тоқтатты. Бұл залдағы жүз мың шекель тұратын ең жақсы жүздеген орынның билеттері көпшілікке ұсынылудың орнына, медиа және спорт құрылымдарының жоғары лауазымды өкілдеріне сатылды деген күдік болғандықтан жасалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Израильдің ішкі қауіпсіздік министрі Гилад Эрдан "Евровидение" билеттерін екінші нарықтағы алыпсатарлардан қорғау үшін полицияға өкім берген.

"Бүкіл әлем тамашалайтын мерекелік оқиға, Израильдің беделін түсіретін қылмыскерлердің қолына аспауы керек", - деді "Кан".

Биыл "Евровидение" ән байқауы 14-18 мамыр аралығында Тель-Авивте өтуі тиіс.

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная