ПОДЕЛИТЬСЯ
07 наурыз 2017 | 13:42
Франциялық беделді басылым: "Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды"
Франциялық Le Monde басылымы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жайлы мақала жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Франциялық Le Monde басылымы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жайлы мақала жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды" деген тақырыппен жарияланған мақалада Димаш Құдайбергеннің француздың SOS d'un terrien en detresse әнін орындап, сенсация жасағаны айтылады.
"Димаш Құдайберген қытайлық Hunan TV арнасында шығатын Geshou 2017 жобасында (бұрынғы I'm a Singer) қыз-қыркынның жүрегін жаулап алды. 1994 жылы туған қазақ Димаш Құдайберген французша Sos d'un terrien detresse ("Мен неге күлемін, мен неге жылаймын") әнін орындау барысында сөздерді дұрыс айтуы аса жақсы болмағанымен, көрерменге бұл кедергі болмады, ол нағыз от болды. Ол 21 қаңтарда көрсеткен өнерінен кейін әлеуметтік желінің триумфында", - делінген мақалада.
Сондай-ақ, "осы уақытқа дейін өз елінде белгілі болса, ал енді қытай жұлдыздары ішінде танымал болған" Димаш Құдайберген жайында Lam Yiceng деген 25 жастағы жанкүйерінің сөзі келтіріледі. "Көптеген қытайлық Қазақстанның кайда екенін білмеген болса, бұдан соң қазақ дегеннің кім екенін білетін болды" дейді жанкүйер.
Басылымның скриншоты
Мақаланың "Xiexie барлық мәселені шешпейді" атты бөлімінде автор ендігі кезеңдерде Димаш Құдайбергеннің Қытайда хитке айналған әндерді орындаушыларымен жарысқа түсетінін жазады.
"18 ақпанда Бруно Марс пен Марк Ронсонның Uptown Funk әнін орындаған Димаш Құдайберген 22 сәуірде болатын финалда жеңіске кол жеткезе ме екен? Ол қытай тілінде бірде-бір сөз білмейді, тек ән орындап біткен соң "xiexie" ("рақмет") деп қайталайды. Енді ол өте үлкен белестен өту керек, яғни әндері үнемі жергілікті караокеде жарыса айтылатын қытайлық жұлдыздармен жарысқа түседі. Ең алғаш қытай тілінде ән айтқанда фонетикадан қиналғанын байқаймыз, көрерменнің көзайымына айналу үшін осы тілде ән айтуға міндетті еді. Дегенмен бар мәселені шешетін тіл емес", - деп жазған мақала авторы.
Осыдан кейін қазақстандық әншінің өнеріне бас иген тағы бір қытай жанкүйері - шанхайлық жас Шен Лингтің сөзі келтіріледі: "Оның даусына таңғалғаным сонша, қазір сонымен бірге уайымдайтын болдым".
Автордың айтуынша, оның Қазақстан халқының санынан (18 миллион) артық қытайлықтардың қолдауына ие болатыны анық. "Карьерасын жасап, болашақта қалтасын қалыңдатуға осы да жеткілікті", - деп қорытады ойын автор.
Ал осы мақалаға қатысты пікірінде әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов Франциядан көптеген ұсыныстың түсіп жатқанын хабарлады. "Расында да, Франциядан көп ұсыныстар келіп жатыр. Француздардың қызығушылығы өте жоғары. Еуропадан келетін xаттардың көбі осы елден. Жақын арада Францияға барып қалуымыз мүмкін. Бұл әзірше құпия!", - деді Шаримов.
Айта кетейік, Le Monde - күн сайын 364 240 данамен шығатын журнал. Басылымның штаб-пәтері Париждің 13-ші округінде орналасқан. Le Monde газетінің негізін Юбер Бёвом-Мери́ Шарль де Голльдің тапсырысымен 1944 жылы құрған. Газеттің бірінші саны 1944 жылдың 19 желтоқсанында шыққан. Ал 1995 жылдың 19 желтоқсанына бастап басылымды онлайнда оқуға болады.
Еске салайық, алдағы сенбіде, яғни 11 наурызда Hunan TV арнасында Димаш Құдайберген I'm a Singer байқауының сегізінші кезеңінде өнер көрсетеді.
Показать комментарии
Читайте также