"Голос. Дiти" шоуындағы алматылық қыздың видеосы Youtube-те миллионнан аса қаралған

Видеодан жасалған скриншот

Алматылы? 10 жаста?ы Данэлия Т?лешованы? "Голос. Діти" шоуында ?нер к?рсеткен видеосы Youtube-те к?птеп ?аралып жатыр. ?азіргі кезде б?л видео миллионнан арты? ?арал?ан ж?не о?ан 2,5 мы?дай адам пікір білдірген. Ал "В тренде" айдарында б?л видео бірінші орында т?р. 

Алматылық 10 жастағы Данэлия Төлешованың "Голос. Діти" шоуында өнер көрсеткен видеосы Youtube-те көптеп қаралып жатыр. Қазіргі кезде бұл видео миллионнан артық қаралған және оған 2,5 мыңдай адам пікір білдірген. Ал "В тренде" айдарында бұл видео бірінші орында тұр. 

Ал әнші қыздың Instagram желісіндегі парақшасында жазушылар саны күн санап артып келеді. Қазіргі кезде бұл сан он мың адамға жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Желі қолданушылары әнші қызға қолдау білдіріп, жылы лебізін білдіріп жатыр. Олардың ішінде отандастарымызбен қатар шетелдіктер де бар. 

Реклама
Реклама

"Өне бойыңды баурайды, алғашқы сәттен-ақ, әннің соңында тіпті көзіңнен жас шыққанын байқамай қаласың", - деп жазыпты Sonia Karanda. 

"Құдай-ау, сөзім жоқ! Неткен өнер! Даусының зорын-ай, оның үстіне сондай қиын ән", - деп жазыпты Түркия тұрғыны. 

Еске салайық, алматылық Данэлия Төлешова украиналық шоуда Деми Ловатоның Stone Cold әнін орындап, әділқазылар мен көрермендердің таңдайын қақтырған. Данэлия ән сала бастаған сәтте-ақ қазылардың барлығы оған бұрылған болатын. 

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де қызға қолдау білдіріп, сенім артқанын айта кетейік. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама