17 желтоқсан 2021 08:40

Градский тобындағы Әлішер Кәрімов "Ресей дауысы" байқауын жалғастыра ма?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Бірінші арнаның кадрынан

28 қарашаға қараған түні өмірден өткен Александр Градскийдің шәкірттері "Дауыс" шоуында тәлімгерсіз өнер көрсете береді. Бұл туралы "СтарХит" басылымы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 қарашаға қараған түні өмірден өткен Александр Градскийдің шәкірттері "Дауыс" шоуында тәлімгерсіз өнер көрсете береді. Бұл туралы "СтарХит" басылымы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйгілі әнші қайтыс болғанына үш апта өткен соң, Бірінші арнада эфирге шығатан жоба басшылығы оның командасы мен орнына қатысты шешім шығарды. Градскийдің орнын композитордың ұлы Даниил немесе басқа беделді тұлғалар, соның ішінде Лариса Долина немесе Григорий Лепс алуы мүмкін деген нұсқалар айтылды.

Градскийдің шәкірттері оның командасында байқауды жалғастыра береді.

Реклама
Реклама

"100 пайыз жаңа тәлімгер болмайды", - деп хабарлады басылым шоудың дайындығында.

Қазір Градский командасында үш вокалист қалды: қазақстандық Әлішер Карімов, Татьяна Качурина және Карина Купер. Телекөрермендер онлайн дауыс беру арқылы қайсысы жартылай финалға өтетінін таңдайды.

Қатысушылардың айтуынша, олар Градскийді еске алу үшін финалға дейін қалады.

Еске салайық, Бірінші арнадағы "Дауыс" шоуының оныншы маусымына Қазақстаннан Әлішер Кәрімов пен Ернар Сәдірбаев қатысып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram