ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2021 | 08:29
Градскийдің қазасынан кейін "Голос" жалғаса ма? Телеарна мәлімдеме жасады
Ресейлік "Бірінші арна" қайтыс болған композитор Александр Градскийді еске алу үшін "Голос" шоуының оныншы маусымын соңына дейін жеткізеді, онда ол тәлімгер болған еді. Жақын арада телеарна бағдарламаның соңғы шығарылымдары қандай форматта өтетінін жариялайды. Бұл туралы телеарнаның "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Градский әлсіреп қалғанына қарамастан, "Голосты" соңына дейін тастамады. Оған жаңа шығарылымдарды дайындауға және түсіруге қатысу өте маңызды болды. Түсірілім тобы тәлімгерді жүктемені шектеуге және демалуға көндірген кезде де, Градский алаңда қалды. Оның жобаға қатысушылармен бірлесіп жасаған соңғы жұмыстары енді ғана эфирге шығады. Біз Александр Борисовичті еске алу үшін "Голостың" 10-маусымын соңына дейін жеткізуді өз парызымыз деп санаймыз. Соңғы шығарылымдарды өткізу форматы жақын арада жарияланады", - деп хабарлады телеарна.
26 қарашада, жұмада шыққан "Голос" шоуының соңғы шығарылымында 72 жастағы тәлімгер әлсірегені байқалды.
БАҚ хабарына қарағанда, аңызға айналған өнерпаз қатысқан тағы бірнеше хабар түсірілген. Сол түсірілімдерге Градский зембілмен жеткізілгені айтылады.
Қазір шоуда "Жекпе-жек" кезеңі жүріп жатыр. Әнді дуэт болып орындағаннан кейін қатысушылардың бірі жобадан кетеді. Нәтижесінде төрт финалист қалуы керек, олар мерейтойлық маусымда жеңіске таласады - финал Жаңа жылға бірнеше күн қалғанда көрсетіледі.
Ресейдің Халық әртісі, әнші және композитор Александр Градский 28 қарашада 72 жасында қайтыс болды. Өлім себебі - ми инфаркті. БАҚ хабарына қарағанда, Градский бірнеше күн бұрын инсульт күдігімен ауруханаға түскен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также