ПОДЕЛИТЬСЯ
15 мамыр 2019 | 10:01
Игорь Крутой Ержан Максимді академиясына оқуға шақырды
Атақты композитор, продюсер Игорь Крутой "Голос. Дети" байқауында 2-орын иеленген Ержан Максимді музыкалық академиясына шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атақты композитор, продюсер Игорь Крутой "Голос. Дети" байқауында 2-орын иеленген Ержан Максимді музыкалық академиясына шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Ержан Максим Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, енді күзден бастап сол академияда оқуын бастайды.
"Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол", - деп жазды оралдық 11 жастағы Ержан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ✨ЕРЖАН МАКСИМ (@maksim_erjan) 14 Май 2019 в 12:34 PDT
Еске салайық, мұның алдында 11 жастағы оралдық Ержан Максимнің "Голос. Дети" байқауында 2-орын иеленгені хабарланған болатын. Ол 27,9 пайыз дауыс жинаған еді. Байқауда ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендер тарапынан 56,5 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Алайда байқау нәтижесі Желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді таныды.
Алла Пугачева менің әлем жұлдызы болғанымды түсінде көріпті - Ержан Максим
Показать комментарии
Читайте также