05 ақпан 2021 | 10:20

Imanbek, David Guetta және Rita Ora бірігіп миниальбом шығарады

Қазақстандық Иманбек Зайкенов (EP) ұлыбританиялық әнші Rita Ora және франциялық диджей David Guetta-мен бірге миниальбом шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Иманбек Зайкенов (EP) ұлыбританиялық әнші Rita Ora және франциялық диджей David Guetta-мен бірге миниальбом шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Өнерпаздар Bang деп аталатын миниальбомды Zoom қосымшасы арқылы бірнеше рет байланысқа шығып жазған. Ол 12 ақпанда жарияланады. Бұл туралы Иманбек пен Rita Ora Instagram желісінде жариялады.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от RITA ORA (@ritaora)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

Төрт әнді де Иманбек ұлыбританиялық әншімен жазған. Олардың айтуынша, миниальбом - 80-90-шы жылдардағы клуб мәдениеті мен заманауи поп-музыканың қосындысы. Онда тағы хаус, электрон музыка стилі бар.

"Бұл - менің сүйікті әртістерім мен продюсерлеріммен бірлескен жаһандық жоба болды. Жоба барысында осындай шығармашылық тәсілмен жұмыс істеу өте қызық болды. Бұл жоба бізді тек шығармашылық жағынан емес, жекелей де жақындастырды және жақсы тәжірибе болды", - деп жазды Иманбек.

Rita Ora жоба барысында басқа әртістермен шығармашылық байланысты дамытуға тырысқанын атап өтті.

"Иманбекпен ынтымақтастық шынымен де ерекше тәжірибе болды, біз музыканы талқылау үшін ZOOM арқылы кездестік, аудармашылар да болды. Сондықтан бізге шынымен жазудың жаңа әдісіне бейімделуге тура келді. Біздің байланысымызды көрсетуге қанша технология мүмкіндік бергені таңғаларлық. Музыка - шынымен әмбебап тіл және бұл шығармашылық процесс бізді бөлетін кез келген кедергіні жеңе алатынының дәлелі", - деді әнші.

Айта кетейік, Павлодар Көлік және коммуникация колледжінің 4-курс студенті Иманбек Зейкенов әнші Saint Jhn roses әніне ремикс жасағаннан кейін танымал бола бастады. Содан кейін ол беделді америкалық Grammy сыйлығына үміткер атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная