17 қыркүйек 2021 08:56

Иманбек GQ нұсқасы бойынша "Жыл жаңалығы" номинациясын жеңіп алды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстандық диджей Иманбек GQ Russia журналы жыл сайын өткізетін премияда "Жыл жаңалығы" номинациясында жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық диджей Иманбек GQ Russia журналы жыл сайын өткізетін премияда "Жыл жаңалығы" номинациясында жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл номинацияға Иманбекпен қатар Федор Федотов және Владимир Онохов, музыкант Soda Luv, режиссер Евгений Сангаджиев үміткер болған.

"Grammy сыйлығы, аудио-платформалардағы миллиардтаған тыңдалым, әлемдік музыкалық компаниялармен келісім-шарт. Рэпер SAINt JHN-нің Roses трегін өңдеп, танымал болған жас қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл бастамасы ғана екеніне сенеміз", - деп жазды басылымы.

Реклама
Реклама

Instagram / imanbekmusic

Рэп орындаушы Feduk "Жыл музыканты", ресейлік театр және кино актері Иван Янковский - "Жыл актері", ал жазушы Дмитрий Глуховский - "Жыл авторы" атанды. Кәсіпкер және "Додо пицца" негізін қалаушы Федор Овчинников "Жыл кәсіпкері", актер және кинорежиссер Данила Козловский "Жыл режиссері" атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram