ПОДЕЛИТЬСЯ
27 наурыз 2021 | 15:01
Imanbek көше атауын өзгерту туралы ұсынысқа жауап берді
Ақсудың тумасы, "Грэмми" сыйлығының иегері диджей Иманбек Зейкенов көше немесе мектеп атын оның құрметіне өзгерту идеясына пікір білдірді, сондай-ақ желідегі хейтерлерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақсудың тумасы, "Грэмми" сыйлығының иегері диджей Иманбек Зейкенов көше немесе мектеп атын оның құрметіне өзгерту идеясына пікір білдірді, сондай-ақ желідегі хейтерлерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Imanbek Instagram-да тікелей эфирде Желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.
"Менің құрметіме көше немесе мектеп атау туралы айтатын болсам, олар қанша қаласа да, мен бұған мүмкіндігінше қарсы боламын. Бұл көшеге менің атымды беретіндей керемет жетістік емес. Менің ойымша, бұл ақшаны ысырап ету. Мектеп атайтындай мен кіммін, мысалы. Ғалым емеспін. Бұл сандырақ", - деді Imanbek.
Диджей пікірлерде айтылған сынға да жауап берді. Ол көше, мектеп атын өзгерту туралы ұсынысқа қарсы адамдардан жеке басты қорламауды сұрады.
"Иә, бұл ақымақтық. Бірақ менің бастамам емес. Кейбіреуі "Ол мүлде дарынсыз ғой" деп мені қорлайды. Бұл дөрекі әрі миға қонымсыз", - деді Imanbek.
Imanbek-тің құрметіне көше немесе мектеп атауын өзгертуді экономист Арман Байғанов ұсынған болатын.
"Көптеген атақты спортшымыздың, еліміздің мәдениет қайраткерлерінің үлгісімен оның құрметіне көше немесе өзі оқыған мектеп атауын беруді ұсынамын. Оның жетістігі өскелең ұрпаққа еңбек пен табандылықтың арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын және қазіргі уақытта әлемде адам капиталы ең жоғары бағаланатынын көрсетіп, үлгі болады", - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.
Бұған дейін облыс әкімі Imanbek-ке заманауи техника сатып алуға "қорімдік" ретінде 2 миллион теңге берген болатын. Ал Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов шапан жапты. Алайда диджей қажетті техниканы алғанын, ал ақшаны қайырымдылыққа жұмсағанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также