Иманбек Лос-Анджелестен жеткізілген Грэмми сыйлығын көрсетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram/imanbekmusic

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов Лос-Анджелестен жеткізілген Грэмми сыйлығын көрсетті. Грэмми 7 ай өткен соң иесіне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов Лос-Анджелестен жеткізілген Грэмми сыйлығын көрсетті. Грэмми 7 ай өткен соң иесіне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алтын жалатылған граммофон түріндегі мүсінді табыстау сәтінен түсірілген видеоны диджей және дыбыс продюсері Instagram Stories-ке жүктеген. Сондай-ақ, ол сыйлықты алған сәтінің суретін жариялаған. 

Еске салайық, қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses әніне ремиксі үшін "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған болатын.   

Реклама
Реклама

Танымал болғанға дейін Иманбек Павлодар облысында (Ақсу қаласы) теміржолшы болған. Музыканы өзі үйренген. Музыканттың айтуынша, теміржолдан кетіп, музыкамен айналысқанына көп болған. Өзі Ақсуда тұрып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама