01 тамыз 2021 | 08:46

Иманбек Ресейдегі музыка фестивалінде өнер көрсетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Instagram/@imanbekmusic

Қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов Ресейдегі "Столица закатов" музыка фестивалінде өнер көрсетті. Бұл туралы музыкант Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов Ресейдегі "Столица закатов" музыка фестивалінде өнер көрсетті. Бұл туралы музыкант Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Диджейдің айтуынша, ол қатысқан шара 31 шілдеде Нижний Новгородта өткен. Иманбек Нижневолжская жағалауында қаланың 800 жылдығына орай өткен "Столица закатов" музыка және от-шашу фестивалінде өнер көрсетті.

Иманбек Instagram-парақшасында ақ маска тағып, көпшілік алдына шыққан суретін жариялады, ал сурет сипаттамасына Thanks NIZHNIY! деп жазба қалдырды.

Реклама
Реклама

Ұйымдастырушылар ақпараты бойынша, танымал қазақстандық диджей заманауи электрон жанрындағы музыкаға арналған фестивалдің алтыншы күнінің хедлайнері болған. Айта кетейік, бұл қазақстандық музыканттың алғаш рет ауқымды шоуға қатысуы.

20 жастағы Иманбек Зейкенов "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды. Ол Сент-Джонның "Roses" композициясына жасаған ремикс үшін жүлде алды. Оған дейін Иманбек Ақсу қаласында теміржолшы болып жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде ол Рита Ора, Usher, David Guetta, 50 Cent, Sean Paul және Sofia Reyes сияқты әлемге әйгілі әртістермен ремикс пен трек жазып үлгерді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная