27 мамыр 2021 | 21:32

Imanbek ресейлік Forbes-тің "30-ға дейінгі 30" рейтингіне енді

Иманбек Зейкенов

Ресейлік Forbes 2021 жылға арналған жыл сайынғы "30-ға дейінгі 30" рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік Forbes 2021 жылға арналған жыл сайынғы "30-ға дейінгі 30" рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рейтингке ТМД-да бірінші болып "Грэмми" сыйлығын жеңіп алған қазақстандық DJ Imanbek (Иманбек Зейкенов) енді.

Ол "Музыка" санатында ұсынылған. Иманбектен басқа, оның номинациясында тізімге Слава Марлоу мен Cream Soda музыканттары кірді. Олар Клава Кока, Хаски, LOVANDA, IC3PEAK, Niletto, HammAli & Navai және Дорадан озды.

Реклама
Реклама

"30 жасқа дейінгі ең әлеуетті З0 ресейлік" жыл сайынғы рейтингінің лонг-листі сәуір айының соңында ұсынылып, дауыс беру шамамен бір айға созылған еді.

Forbes рейтингіне 30 жасына дейін кәсіби қоғамдастықта мойындалған және бүкілресейлік немесе тіпті жаһандық деңгейде танымал болған адамдар кіреді.

20 жастағы диджей Иманбек Зейкенов беделді "Грэмми" байқауының сыйлығына ұсынылған алғашқы қазақстандық атанды. Ол Сент-Джонның Roses композициясына ремикс жасағаны үшін мүсіншені жеңіп алды. Танымал болғанға дейін Иманбек Ақсу қаласында теміржолшы болып жұмыс істеді. Музыканы ол өз бетінше меңгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная