Иманбек ресейлік музыканттармен жаңа трек жазды

Фото: instagram/imanbekmusic

Қазақстандық DJ Иманбек ресейлік музыкант Ярослав Милославский мен Кирилл Dzham-мен жазылған жаңа трегі шыққанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық DJ Иманбек ресейлік музыкант Ярослав Милославский мен Кирилл Dzham-мен жазылған жаңа трегі шыққанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа туындыны диджей Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Реклама
Реклама

Ярослав Милославский (Ya Rick) - ресейлік музыкант, ағылшын тіліндегі әндердің авторы және орындаушысы. Оның шетелде де тыңдармандары бар. 

Кирилл Dzham - музыкалық карьерасын хип-хоп стилінде бастаған, кейін біртіндеп клуб өлеңдеріне ауысып, Ресейдегі мэшап Hip-Hop және Dance жанрындағы орындаушы болды.

Еске салайық, осыдан бір ай бұрын "Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов норвегиялық диджей Алан Уокермен "Sweet Dreams" әні мен клипін шығарған болатын. Ал биыл сәуірде, қазақстандық музыканттың Моргенштерн және америкалық рэп орындаушы Fetty Wap-пен трегі жарық көрді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама