22 мамыр 2021 14:00

Imanbek Sia мен Major Lazer әніне ремикс жазды

© instagram.com/imanbekmusic

Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов Titans әніне жаңа ремикс жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов Titans әніне жаңа ремикс жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ямайка-америкалық Major Lazer триосы мен аустралиялық әнші Sia-ның бұл әні биыл көктемде жарық көрген болатын. Ал 21 мамырда әннің жаңартылған нұсқасы, ремиксі шықты. Оны Иманбек Зейкенов жазған. 

Реклама
Реклама

Қазақстандық диджей кезекті туындысын Instagram-ға жүктеді. Тректі барлық музыкалық платформадан тыңдауға болады.

Еске салайық, бұған дейін Imanbek америкалық рэп орындаушы 50 Cent-тің In Da Club композициясына ремикс шығарған болатын

Оның алдында ұлыбританиялық әнші Cher Lloyd-пен бірге Baddest атты жаңа трек жазды.

Сондай-ақ, қазақстандық диджей Morgenstern және Fetty Wap-пен трек шығарды. Ән Leck деп аталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram