Imanbek тағы бір марапатқа ие болды

Imanbek тағы бір марапатқа ие болды Фото: Instagram.com/imanbekmusic/

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) Billboard Awards жүлдесінің иегері болды. Бұл туралы музыкант Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) Billboard Awards жүлдесінің иегері болды. Бұл туралы музыкант Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иманбек Зейкенов Saint JHN-ның Roses әніне жасаған ремиксі үшін "үздік электрон ән" номинациясында марапатқа ие болды.

"Billboard Awards марапатын алдым. Ол да Grammy сияқты, тағы бір сыйлық қанжығада", - деп жазды музыкант.

Реклама
Реклама

Жанкүйерлер әншіні құттықтап жатыр: "Бәрекелді!", " Аңыз адам! Осылай жалғастыра бер, бауырым!", "Керемет! Құттықтаймын!".

Billboard Music Award - музыкалық чарттардағы үздік жетістіктері үшін америкалық музыкалық баспа Billboard басылымы беретін музыкалық сыйлық.

Айта кетейік, осы композиция үшін Иманбек Зейкенов Grammy алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама