Иманғали Тасмағамбетов Сочидегі "Жаңа толқын" байқауында не деді?

Иманғали Тасмағамбетов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Игорь Крутойдың "Жаңа толқындағы" шығармашылық кешінде құрметті қонағы болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Игорь Крутойдың "Жаңа толқындағы" шығармашылық кешінде құрметті қонағы болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Жаңа толқын" байқауындағы шығармашылық кеш композитор Игорь Крутойдың 65 жас мерейтойына арналған. Иманғали Тасмағамбетов сахнаға шығып, орден табыстады. 

"Ресей Федерациясының халық әртісі, композитор Игорь Крутойдың жан-жақты жұмысы Қазақстанда жоғары деңгейде бағаланады. Сондықтан, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Игорь Крутой республиканың ең жоғары мемлекеттік наградасы - "Достық" орденімен марапатталады", - деді Тасмағамбетов өз сөзінде.

Реклама
Реклама

"Менің бұл марапатқа қатысым жоқ. Қазір менің әнімді орындайтын топ шығады. Мен бұл марапатқа атақты "Крутые" тобы лайықты деп есептеймін", - деді Игорь Крутой. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шілдеде Игорь Крутойды II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама