07 қыркүйек 2016 | 10:33

"Жаңа толқын-2016" байқауында "Сарын" тобы Доминик Джокермен бірге өнер көрсетті

"Сарын" тобы продюсері Данияр Өтегенмен бірге

"Жаңа толқын-2016" байқауында Қазақстан атынан шығып жүрген "Сарын" тобы байқаудың екінші күні ресейлік орындаушы Доминик Джокермен бірге өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Жаңа толқын-2016" байқауында Қазақстан атынан шығып жүрген "Сарын" тобы байқаудың екінші күні ресейлік орындаушы Доминик Джокермен бірге өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқаудың екінші күні музыканттар композитор әрі продюсер Виктор Дробыштың шығармашылығына арнап, оның "Просто любить тебя" туындысын орындады. Екі күн ішінде қазақстандық әншілер 261 ұпай жинады. Енді олар байқаудың үшінші күні өздерінің жеке әнін орындап шығуы тиіс.

Реклама
Реклама

Еске салайық, "Сарын" тобында Берік Бердекеев пен Алтынай Түлембетова өнер көрсетеді. Олар - Turkvizyon-2015 байқауындағы іріктеу кезеңінің финалистері.

Айта кетейік, биыл байқауға "Жаңа толқын-2015" байқауында екінші орынды иеленген Ademi өнер көрсетті. Оны Италиядан келген Уолтер Риччи есімді орындаушыға қолдау көрсету үшін шақырған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная