28 қараша 2021 | 11:11

Желіде қазақстандық тойда өнер көрсеткен Дима Биланның видеосы талқыланып жатыр

© РИА Новости

"Евровидение - 2008" жеңімпазы, ресейлік әнші Дима Билан Қазақстанда үйлену тойында мас күйде өнер көрсетті. Блогер Біржан Әшім Instagram-дағы парақшасында салтанатты іс шарадан видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ren.tv телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Евровидение - 2008" жеңімпазы, ресейлік әнші Дима Билан Қазақстанда үйлену тойында мас күйде өнер көрсетті. Блогер Біржан Әшім Instagram-дағы парақшасында салтанатты іс шарадан видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ren.tv телеарнасына сілтеме жасап. 

Әнші сахнаға той иелері мен қонақтардың алдында өнер көрсету үшін шығады. Алайда видеоның бір бөлігінде Биланның тілі бұралып, әрең сөйлеп тұрғанын байқауға болады. 

Реклама
Реклама

Кейін әртіс Instagram-да сториске шығып, мас болғанын мойындады.

"Ондай-ондай болып тұрады, білесіздер. Кейде адам ішеді. Сізде ондай болмады десеңіз, ешқашан сенбеймін. Мен үш тәулік ұйықтамадым, өйткені түсірілім, ән, музыка. Басқаша болмайды. Мен қатты шаршадым. 40-қа келдім. Өзімді нашар сезініп жүрмін. Мұны қалай түсіндіретінімді білмеймін", - деді Билан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная