K-pop жұлдызы 28 жасында қайтыс болды

© twitter

Оңтүстіккореялық әнші әрі актриса Гу Хара Сеулдегі үйінде өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Newsweek

Оңтүстіккореялық әнші әрі актриса Гу Хара Сеулдегі үйінде өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Newsweek

28 жастағы K-pop жұлдызының денесі жексенбіде кешкісін табылған. Оның неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. 

Бір күн бұрын әнші Instagram-парақшасында суретін жариялап, "Қайырлы түн!" деген жазба қалдырған.

Реклама
Реклама


© instagram/koohara

Гу Хара Kara тобының құрамында танымал болған. Ұжым 2007-2016 жылдар арасында жұмыс істеген. Сондай-ақ әнші жеке де өнер көрсетіп, сериалдарға түскен. Бірнеше күн бұрын ол Жапонияда жаңа бағдарламасымен концерт қойған. 


Kara тобы. © instagram

Биыл мамырда Хара өз-өзіне қол салмақ болған, оны ес-түссіз жатқан жерінен менеджері тауып алып, ауруханаға жеткізген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама