28 маусым 2017 10:59

Қайрат Нұртас магистр атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/kair_n © instagram.com/kair_n

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік ғылымдар магистрі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік ғылымдар магистрі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әншінің директоры Лаура Сейітбектің айтуынша, әнші таяуда магистрлік дипломын қорғаған. Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінде екі жыл оқып шыққан. Оқу орнының "Философия" кафедрасының өкілдері әншінің "Мәдениеттану" мамандығы бойынша оқығанын растады. 


© instagram.com/kair_n

Бұл туралы әнші Instagram желісінде де хабарлап, жазды. "Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, философия кафедрасында магистрлік диссертация қорғадым", - деп жазды ол.

Еске салайық, Қайрат Нұртас бұл оқу орнына екі жыл бұрын түскен болатын. Сол кезде әнші Instagram әлеуметтік желісінде ағылшын тіліндегі сынақтан 85 балл жинаған сертификатын көрсеткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети