Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қайрат Нұртастың концертіне байланысты Астанада көшелер жабылады

11 Желтоқсан 2015, 11:50
1
Иллюстрация © Tengrinews.kz
Иллюстрация © Tengrinews.kz

Биыл 12 желтоқсанда Астанада көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Астана Арена" стадионында эстрада әншісі Қайрат Нұртастың "Мен ғашықпын" атты жеке концерті өтеді. Астана қалалық ІІД мәліметінше, жол-патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық көлік пен таксилерден басқа көлік құралдарының қозғалысын шектеу бойынша шараларды қолданатын болады.

Сағат 17.00-ден бастап концерт аяқталғанша Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының бойында Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Жүргізушілерге Орынбор көшесімен жүру ұсынылады.

"Астана қаласының ІІД әкімшілік полиция басқармасы концертке келетін адамдарға өз көліктерін қалдырып, қоғамдық көлікпен келуді ұсынады", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, көрермендерді жинап, жеткізу үшін келесі мекенжайлардан арнайы 6 рейс (шаттл) жүретін болады: "Қазақстан" СК тұрағы (Қажымұқан көшесі); "Әзірет Сұлтан" мешіті (Қошкарбаев даңғылы); "Нұр Астана" мешіті (шығыс жағындағы тұрақ); Елордалық цирк маңындағы тұрақ (Қорғалжын тас жолының бойындағы тұрақ); Мұңайтпасов атындағы стадионның жанындағы тұрақ (Кенесары көшесі бойынша); "Жастар" театрының тұрағы (бұрынғы опера және балет театры, Затаевич көшесі).

Арнайы рейстік автобустармен жүру құны: ересектер үшін 90 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін 40 теңге, жол жүру билеттері жарамсыз.

Кері қайту үшін стадионның тұрағында және "Астана Арена" стадионы" аялдамасында Қабанбай батыр даңғылының бойында жоғарыда аталған алты мекенжай бойынша арнайы рейстік автобустар, сондай-ақ, №10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51, 61 бағдармен жүретін автобустар тұрады. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай