ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қыркүйек 2017 | 19:16
"Қайта жаңғырған Қазақстан" атты ақындар айтысында бас жүлде атыраулық айтыскерке бұйырды
Кеше 28 қыркүйекте Атырауда басталған "Қайта жаңғырған Қазақстан" атты ақындар айтысы мәресіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеше 28 қыркүйекте Атырауда басталған "Қайта жаңғырған Қазақстан" атты ақындар айтысы мәресіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, дүбірлі доданың Гран-приі атыраулық Шалқарбай Ізбасаровқа бұйырды. Ол 2 миллион теңгені қанжығасына байлады.
Бірінші орынды қытайдан келген ақын Жәмиға Дәулетова алса, оралдық Жансая Мусина мен астаналық Еркебұлан Қайназаров екінші орынға лайық деп танылды. Үшінші орынды қытайлық Ерлан Абанқожа, шымкенттік ақын Анар Жаппарқұлова мен маңғыстаулық Абай Жалмағанбетов місе тұтты.
Айта кетелік, сайысқа Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерін 20 өнерпаз түсті.
Айтыс ақындардың өнеріне Асанәлі Әшімов, Несіпбек Айтұлы, Есенғали Раушанов, Ербол Тілешов, Мереке Құлкенов, Қойшығұл Жылқышиев, Алтынбек Қоразбаев, Светқали Нұржан, Бауыржан Халиолла сынды елге белгілі құрметті азаматтар қазылық етті.
Сөз сайысын халықпен бірге Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған бір топ басшылар тамашалады.
Показать комментарии
Читайте также