Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Қазақстан дауысы" жеңімпазы жанкүйерлеріне концерт әзірлеп жатыр

13 Сәуір 2014, 19:09
0
Шахаризат Сейдахмет. ©Vk.com
Шахаризат Сейдахмет. ©Vk.com

"Қазақстан дауысы" музыкалық жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет жобада өзіне дауыс берген отандастарына арнап концерт бермекші. Ол мамыр айында гастрольдік сапарын туған ауылынан бастағалы отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Музыкант - Қостанай облысындағы Амангелді ауданының түлегі. Ол өз жеңісінің туған ауылын бір марқайтқанына шексіз риза. Ауылдастарына шексіз құрметін музыкалық тартумен білдірмек, қазір соған репертуар әзірлеп жатыр.

"Қазақстан дауысы" кезінде маған дауыс беруге туған жердің халқы көбірек атсалысты. Сол туған жерге, елге алғысымды айтып, тегін концерт беріп келем деген жоспарым бар, соған дайындалып жатырмын. "Азаматына қарап, ауылын таны" дейді. Торғай өлкесі менің жеңісімнен кейіп серпіліс алып, көңіл күйі көтеріліп қалды. Бұл, ең әуелі, елдің жеңісі болды. Өз жеңістері үшін баладан қарияға дейін атсалысқан сол халқымның тағы бір қуанғанын қалаймын. "Батамен ер көгереді" демекші, ауылымның ақсақалдарының батасын алғым келеді", - дейді Шахаризат. 

Биыл әншінің мектеп бітіргеніне - 10 жыл. Осы сапары барысында ол өзі білім алған мектепте болып, сыныптастарымен кездесуді де жоспарлап отыр. Қостанай өңірінде Арқалық қаласында және басқа да аудан орталықтарында концерт бермек. Бұдан соң Қарағанды облысының Балқаш қаласына және Жамбыл облысына да гастрольмен барады.

Халық музыкасына заманауи өң беруші жас талант биыл маусым айында Алматыда өтетін қазіргі заманғы этникалық музыканың дәстүрлі фестивалі - The Spirit of Tengri жобасында да өнер көрсетеді. Бұл халықаралық фестиваль 2013 жылдың 8 маусымында тұңғыш рет өткен болатын. Оған Еуразия құрлығынан этникалық музыканың 10-нан астам өкілі қатысты. Олардың арасында "Намгар", "Арғымақ", Сайнхо Намчылак, Юлияна, Чылтыс, Болот Байрышев сияқты дүниежүзіне белгілі орындаушылармен қатар, "Роксонаки", Нapanasasa, "Алдаспан" сияқты қазақстандық шығармашылық ұжымдар болды. Биылғы фестивальде Шахаризатты "Алдаспан" тобы сүйемелдейді. 

"Жаздың басында бейнебаян түсіруді жоспарлап отырмыз. Бірақ әзірше қандай әнге түсірілетіні белгісіз. Жазылып жатқан әндердің ішінен халықтың көңілінен шыққан біреуін таңдаймыз", - дейді музыкант. Еске салайық, өткен қаңтар айында "Қазақстан дауысы" байқауы аяқталып, көрермендердің дауысы бойынша Шахаризат Сейдахмет жеңіске жеткен болатын. Оған Universal дыбыс жазу студиясымен бір жылға келісімшартқа отыру мүмкіндігі мен 5 млн теңге бұйырды.
 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай