14 мамыр 2022 14:30

Қазақстандық әнші Black Star лейблімен келісімшартқа отырды

Baur karbon бүркеншік атымен өнер көрсететін қарағандылық Баур Матаев ресейлік Black Star лейблінің әртісі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Baur karbon бүркеншік атымен өнер көрсететін қарағандылық Баур Матаев ресейлік Black Star лейблінің әртісі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас музыкант лейбл әншісі Анет Саймен "Грустные глаза" әнін жазып үлгерді.

Реклама
Реклама

Жігіт музыкалық карьерасын бір жыл бұрын ғана бастаған. Алғашында каверлерін TikTok-та жүктеп отырып, трендтке шығады. Кейінірек авторлық шығармаларын жаза бастайды. Осылайша аз уақытта аудитория жинап алады.

"Мені тауып, Black Star менеджерлері байланысқа шықты. Өздерінің саб-лейблына (еншілес лейбл) қосылуды ұсынды. Нәтижесінде, қаңтардың басында келісімге қол қойып, олармен бірнеше трек шығардық. Ал сәуірде мені негізгі лейблге, яғни Black Star-ға ауыстыратынын айтты. Осылайша Анет Саймен бірлесіп ән шықты", - деді орындаушы.

Айта кетейік, Баур Матаев Black Star-дағы Қазақстаннан үшінші әртіс. Лейблде шымкенттік әнші Назима Жәнібекова (Nazima) және алматылық рэп орындаушы Натан Миров (Natan) бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram