08 желтоқсан 2021 13:49

Қазақстандық әнші орындаған кавер төрт платина дискісін алды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/mona_songz

Қазақстандық әртіс Mona Songz-тың "Салют, Вера" ремиксі Sony Music Russia компаниясынан 4X PLATINUM RECORD дискісін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әртіс Mona Songz-тың "Салют, Вера" ремиксі Sony Music Russia компаниясынан 4X PLATINUM RECORD дискісін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыйлық синглді сату критерийлері бойынша беріледі. Ресейде - сандық форматтағы синглдің 100 мың данасын сатқаны үшін бір диск табысталады. Әнші төрт бірдей платина диск алды.

"Бұл сыйлықты алу менің мақсатым емес еді. Бірақ оны алған соң, одан да көп дүние жасауға ынтам артты", - деді Mona Songz журналистерге берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Павлодарлық Манарбек Жұматай (лақапаты Mona Songz) 2020 жылдың аяғында Валерий Меладзенің "Салют, Вера" әнінің лирикалық каверін шығарған кезде танымал болды. Бұл трек бір айда барлық музыкалық хит-парадты, соның ішінде Apple Music-те 13 елде үздік болды. YouTube желісіндегі тректің толық нұсқасы 2021 жылдың көктемінде 8,5 миллионнан аса қаралым жинаған, бүгінде ол 14 миллионға жетті.

Қазір әнші Мәскеуде тұрып жатыр, сонда жұмыс істейді. Жуырда қазақ әншісі Наzимамен бірге "Минус единица" әнін шығарған болатын. Композиция бірден бірнеше хит-парадта көш бастады. Енді 17 желтоқсанда Mona Songz "Твой взгляд" атты жаңа әнін шығаруды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram