12 сәуір 2021 | 15:16

Қазақстандық әнші Үфідегі байқауда Меладзені тәнті етті

25 жастағы Әкімхан Мәженов Үфідегі "Яңы Моң" халықаралық музыкалық телевизиялық байқауында Қазақстанның намысын қорғап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

25 жастағы Әкімхан Мәженов Үфідегі "Яңы Моң" халықаралық музыкалық телевизиялық байқауында Қазақстанның намысын қорғап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жігіт сахнада 16 жасынан бастап ән айтады, ол халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Қазақ ұлттық өнер университетінде 4-курста оқиды. Әкімхан - Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік академиялық филармонияның солисі.

Байқаудың екінші турында ол Валерий Меладзенің "Актриса" әнін орындады. Меладзе қазылар алқасының мүшесі екенін айта кеткен жөн. 

Реклама
Реклама

"Маған әрдайым қатты дауыстап айту оңай дейтін. Ал әнді тыныш айту - өте қиын. Сіз бірде-бір айғайға, форсажға өткен жоқсыз. Бірақ дауыста энергия көп. Бейберекет немесе үзілген бірде-бір нота болған жоқ. Басыңызда компьютер бар ма, қалай өзі? Әр нота соншалық керемет өңделген, таңғалдырды", - деді Меладзе қазақстандықтың орындауына.

Қазылар алқасының құрамында татар-башқұрт эстрадасының әртісі Элвин Грей, продюсер Лина Арифулина, әнші Гүлназ Асаева және Башқұртстан халық әртісі Азат Зиганшин болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная