07 ақпан 2022 | 17:30

Қазақстандық әнші "Украина дауысы" байқауында Потапты таңғалдырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Атыраулық Ерназар Жұбан украиналық "Дауыс" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атыраулық Ерназар Жұбан украиналық "Дауыс" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол әйгілі The Weeknd-тің Take My Breath әнін орындады. Соңғы сәтке дейін оны ешкім таңдамады, тек соңғы секундтарда Потап бұрылды.

"Қазақстандық қатысушыларды қатты жақсы көреміз. Олар әрқашан мықты", - деп түсіндірді Потап.

Реклама
Реклама

25 жастағы музыкант әрдайым "Дауысқа" қатысуды армандағанын айтты. Ол күзде өтініш берген. Содан кейін кастингке шақырту алған. Ерназар Жұбан Киевке түсірілімге Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден кейін халықаралық рейстер ашылғаннан кейін ғана ұшып барды.

"Әрқашан Украинаға барып, өз елімнің намысын қорғауды армандайтынмын. Шынымды айтсам, жобаға келмес бұрын Потаптың командасына болғым келді. Бәрі дәл мен ойлағандай болғанда қатты бақытты болдым. Оның шығармашылығы әрқашан қызық болатын. Тәлімгер ретінде ол үлкен қолдау көрсетеді", - деді Жұбан.

Ерназар Жұбан Жүргенов атындағы өнер академиясының үшінші курсында "Эстрадалық вокал" мамандығында оқиды. Ол халықаралық байқаулардың лауреаты әрі жеңімпазы, сондай-ақ, X-Factor және "Qazaqstan дауысы" шоуларына қатысқан. Қазір симфониялық оркестрде бэк-вокалист болып жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная