Қазақстандық әнші Zoloto "Вечерний Ургант" шоуында өнер көрсетті

Қазақстандық әнші Zoloto "Вечерний Ургант" шоуында өнер көрсетті © Instagram.com/zzoloto

Ресейде танылып келе жатқан қазақстандық Zoloto атты орындаушы "Первый канал" эфиріндегі "Вечерний Ургант" шоуында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейде танылып келе жатқан қазақстандық Zoloto атты орындаушы "Первый канал" эфиріндегі "Вечерний Ургант" шоуында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zoloto (шын есімі Владимир Золотухин - автор) шоуда "Танго" әнін орындады. Бұл жақында шыққан "Все вернется" альбомындағы ән.

Жарнама
Жарнама

Мәскеуге көшіп кеткен 30 жастағы алматылық орындаушы Ресейде айтарлықтай танымал: оның тректері мен әндері елдің ірі радиостанцияларында қойылады. 

Zoloto Қырғызстанда дүниеге келген, бірақ Қазақстанда, Алматыда өскен. Музыкалық бағыты - рок және поп. Кәсіби әнші карьерасы 2009 жылы Cardio Beat рок-тобын құрғанда басталған. Альбомдары: "Не переживай" (2018), "8 месяцев в Вегасе" (2019) және "Все вернется" (2020 жылдың желтоқсанында шыққан).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама