ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қараша 2020 | 08:28
Қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Roses әніне ремиксі "Грэмми" сыйлығына үміткер атанды
Қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Roses (SAINt JHN) әніне ремиксі "Грэмми" (Grammy) сыйлығына үміткер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Roses (SAINt JHN) әніне ремиксі "Грэмми" (Grammy) сыйлығына үміткер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, Иманбек "Грэммиге" үміткер алғашқы қазақстандық болып отыр. Оның ремиксі YouTube желісінде 117 миллион рет қаралған.
Ол ремикс жазған ән хитке айналып, 20 аптадан аса уақыт бойы Billboard Hot 100 чартында үздік 10-дықта тұрды. Ремикс Apple Music-тің үздік ондығана кірген. Shazam қосымшасында 22 миллион қаралым жинаған, "Яндекс. Музыка" чартында ұзақ уақыт бойы бірінші орында болды.
Трек бірнеше чартта, оның ішінде АҚШ және Ұлыбританияның чарттарында Тhe Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Justin Bieber секілді әншілерден озып, үздік атанды.
Иманбек танымал болғанға дейін Павлодар облысында (Ақсу) теміржолшы болып жұмыс істеген. Музыканың жаңа қырын өзі үйренген. Айтуынша, ол теміржолдан баяғыда кеткен және қазір шығармашылықпен айналысады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также