21 ақпан 2022 11:10

Қазақстандық қыз "Украина дауысы" шоуына қатысты

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Ақтаулық 30 жастағы Лаура Өтеуова "Украина дауысы" жобасының 12-маусымына (Голос країни - 12) қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаулық 30 жастағы Лаура Өтеуова "Украина дауысы" жобасының 12-маусымына (Голос країни - 12) қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бойжеткен Надя Дорофееваның тобына өткісі келген және көрмей тыңдау кезеңінде сол әншінің әнін шырқаған. Тәлімгерлердің ешқайсы үміткерге бұрылмады, бірақ бәрі қазақстандық қызға осымен тоқтап қалмай, өнерін жалғастыруға кеңес берді.

"Мен орындаған Надя Дорофееваның "Почему" атты әнін музыкалық продюсер ұсынды. Сондықтан бұл тректің мүлдем жаңа нұсқасын жасап, өңдеуді жөн көрдік. Сахнаға шықпас бұрын үлкен жауапкершілікті сезіндім. Өйткені мен Қазақстанымды басқа елде, басқа аудитория алдында таныстырдым және бар күшімді салдым", - деп бөлісті орындаушы.

Реклама
Реклама

Лаура жобаға үш ай бойы дайындалғанын, осы уақыт ішінде екі онлайн кастингтен өткенін айтты.

"Жобаның музыкалық продюсері Қазақстаннан келген 150 және одан да көп өтінім арасынан мені байқап, таңдағанына әлі сене алмаймын. Өйткені көрмей тыңдау кезеңіне тек 3 қатысушы ғана жолдама алды, ал олардың бірі және жалғыз қыз мен болдым", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram