30 сәуір 2022 18:16

Қазақстандық өнерпаз Ресейдің "Балалар дауысы" жобасында үшінші орын алды

Шымкенттік 11 жастағы Сағын Өмірбайұлы "Балалар дауысы" шоуының суперфиналына өтіп, үшінші орын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік 11 жастағы Сағын Өмірбайұлы "Балалар дауысы" шоуының суперфиналына өтіп, үшінші орын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Финалда ол "Очи черные" әнін шырқап, көп дауыспен жобаның алғашқы суперфиналисі атанды.

Реклама
Реклама

Жобаның суперфиналында "Единственная моя" әнін орындады.

Жоба жеңімпазы Егор Кред командасының сегіз жасар мүшесі Аделия Загребина болды. Оған көрермендердің 40 пайызы дауыс берді.

Бұған дейін Сағынның анасы Гаухар Ордабекова тілшімізге берген сұхбатында финалға жету жолы оңай болмағанын айтқан еді. Олар Мәскеуге тыңдалымға бару үшін ұшақ билеттерін несиеге алуға мәжбүр болған. Жергілікті мәдениет басқармасы шығынды аз  да болсын өтеуге көмектескен, алайда бұл ақша жеткіліксіз болды. Онда тұруға, тамақтануға, сахнаға арналған костюмдерге қаражат қажет еді. Әйтсе де, Сағын финалға өтіп, үміт пен салынған қаражат өзін ақтады.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram