14 шілде 2019 | 15:31

Қазақстандық орындаушы "Славян базары" байқауында көш бастап келеді

© Instagram/makin.khan

Қазақстандық әнші Әділхан Макин халықаралық "Витебск-2019" жас орындаушылар байқауында көш бастап келеді, - деп хабарлайды Минск-Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Әділхан Макин халықаралық "Витебск-2019" жас орындаушылар байқауында көш бастап келеді, - деп хабарлайды Минск-Новости.

Байқауды беларус Иван Здонюк ашты. Ол "Песняров" - "Бялявая, чарнявая" әнін орындап, барлық 90 ұпайдың 82-ін жинады. 

Реклама
Реклама

Қазақстандық Әділхан Макин 89 ұпаймен көш бастап тұр. Ол Игорь Николаевтің  "Озеро надежды" әнін орындады. 

Қазақстандық әншінің өнер көрсету сәтін 27 минуттан бастап көре аласыз.

"Бір ғана ұпай жетпей қалды. Жаратқанға мың алғыс, қазылар алқасына құрметім шексіз, мені қолдап жатқандардың барлығына алғыс айтамын", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында. 

Израильдік Илай есімді байқаудың қатысушысы қазақстандық әншіден екі ұпай (87 ұпай) қалып келеді. Екі қатысушы 86 ұпайдан жинады: грузиялық Георгий Путкарадзе мен украиналық Дмитрий Бабак.

Қытайлық Сыин Ли "Катюша" әнін орыс және қытай тілдерінде орындады.

14 шілдеде "Витебск-2019" қатысушылары әлемдік хит әндерді "-1" фонограммасымен орындауы тиіс. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная