ПОДЕЛИТЬСЯ
24 шілде 2019 | 10:26
Қазақстандық режиссер түсірген бейнебаян MTV Video Music Awards премиясына ұсынылды
Америкалық 21 Savage және J. Cole рэп-орындаушылардың бейнебаяны MTV Video Music Awards премиясына ұсынылды. Бейнебаянды қазақстандық режиссер Айсұлтан Сеитов түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі режиссердің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

A Lot әні "Жылдың үздік видеосы" атағына таласатын болады. Bad Guy Билли Айлиш, Thank u, next Ариана Гранде, Sucker Jonas Brothers, Old Town Road (Remix) Lil Nas X және Билли Рэя Сайруса және You Need to Calm Down Тейлор Свифт сынды әншілердің туындылары оған бәсекелес болады.
MTV Video Music Awards 2019 марапаттау рәсімі 26 тамызда өтеді.
Айта кетейік, A lot бейнебаянының түсірілімі 2019 жылы Атлантада өтті. Бейнебаянда адамдардың қиын-қыстау кезеңдерін флешбэктер арқылы көрсетіп, дәулетті өмір сүріп, бай дастарқанда отырғаны көрсетілген.
Показать комментарии
Читайте также