20 сәуір 2019 | 09:50

Кореялық топтың бейнебаяны Гиннестер кітабында үш рекорд жаңартты

Камила Долаева Журналист
BTS. © Twitter.com

Оңтүстік кореялық BTS тобының "Boy With Luv" әніне түсірілген бейнебаян Гиннестер кітабына енген үш рекордты бірдей жаңартты. Бұл туралы Twitter желісіндегі Guinness World Records парақшасында жазылды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік кореялық BTS тобының "Boy With Luv" әніне түсірілген бейнебаян Гиннестер кітабына енген үш рекордты бірдей жаңартты. Бұл туралы Twitter желісіндегі Guinness World Records парақшасында жазылды. 

Танымал бойз-бэндтің ролигі "24 сағат ішінде YouTube-те ең көп қаралатын видео", "24 сағат ішінде YouTube-те ең көп қаралатын музыкалық видео" және "K-pop топтарының арасында 24 сағат ішінде YouTube-те ең көп қаралатын музыкалық видео" болды.

Реклама
Реклама

12 сәуірде жарық көрген бұл бейнебаян алғашқы тәулікте 74,6 миллион рет қаралды. Жаңалықтар шыға бастаған уақытта ол 169 миллион қаралым жинап үлгерді және 2,8 миллионнан аса пікір жазылды. 

Three new records - congratulations @BTS_twt ???? https://t.co/Ll7a3ctFjH
???? Most viewed @YouTube video in 24 hours
???? Most viewed @YouTube music video in 24 hours
???? Most viewed @YouTube music video in 24 hours by a K-pop group#BoyWithLuv

— GuinnessWorldRecords (@GWR) 18 апреля 2019 г.

BTS тобы 2013 жылы құрылған. Қазір ол әлемдегі ең танымал K-pop тобы. Алдымен ұжым тек Оңтүстік Кореяда өнер көрсеткен, кейін Жапония және Қытай нарығына шықты, содан кейін Америка мен бүкіл әлемге жол ашты. 2018 жылы топ мүшелері БҰҰ-да сөз сөйлеп, балаларға жасалатын зұлымдыққа қарсы ой білдірген. Британдық Time журналы музыканттарды "2019 жылғы ең ықпалды 100 адам" тізіміне қосты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная