Linkin Park Честер Беннингтонмен қоштасуға келген қазақстандықтарға алғыс айтты

© REUTERS

Америкалы? Linkin Park тобыны? м?шелері ?аза бол?ан солист Честер Беннингтонмен ?оштасу?а келген барлы? жанк?йерге ал?ыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америкалық Linkin Park тобының мүшелері қаза болған солист Честер Беннингтонмен қоштасуға келген барлық жанкүйерге алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Топтағы музыканттардың бірі Instagram желісіндегі парақшасында Беннингтонға арналған кештің видеосын жариялады. Айта кетейік, концерттер әлемнің барлық елінде, Қазақстанда да өтті. "Әлемнің бүкіл жеріндегі жанкүйерлерімізге махаббаты мен қолдаулары үшін рақмет", - делінген жазбада.

Linkin Park тобының қаза болған солисін еске алу кештері Алматыда, Астанада, Ақтөбеде, Қарағандыда және Қазақстанның басқа да қалаларында өтті.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Честер Беннингтон 20 шілдеде Калифорниядағы Палос-Вердес-Эстейтс қаласындағы өз үйінде өлі табылған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама