ПОДЕЛИТЬСЯ
21 шілде 2017 | 08:52
Linkin Park тобының әншісі суицид жасады
Linkin Park америкалық рок-тобының солисі Честер Беннингтон суицид жасады, - деп хабарлайды TMZ құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Linkin Park америкалық рок-тобының солисі Честер Беннингтон суицид жасады, - деп хабарлайды TMZ құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, әнші Калифорния штатындағы Лос-Анджелес округінде өз үйінде асылып қалған күйі табылған. Оның мәйіті 20 шілдеде таңғы уақытта табылғаны айтылады. Кейін Лос-Анджелес билігі әншінің қазасын TMZ, Variety басылымдарына растап берді.
Честер Беннингтон. © BeOn
Честердің өз-өзіне қол салғаны жайлы Twitter желісінде Linkin Park рок-тобының негізін қалағандардың бірі, вокалшы, гитарашы Майк Шинода растады. "Есеңгіреп қалдым, жүрегім жараланды, бірақ бұл рас. Біз ресми мәлімдемені дайын болғанда жариялаймыз", - деп жазды музыкант.
TMZ мәліметінше, Беннингтон көп жылдан бері алкоголь мен есірткіге тәуелділіктен арыла алмаған. 41 жастағы музыканттың бірнеше әйелден алты баласы бар. Сондай-ақ, Честердің досы, Soundgarden тобының фронтменті Крис Корнеллдың туған күнінде суицид жасағаны айтылады. Ол да суицид жасаған болатын. Честер қайғылы оқиға болатын күні Криске ашық хат жазған.
Топ 1996 жылы құрылған. 20 жыл ішінде топ 70 миллион альбом сатқан. Соңғы пластина One More Light - биыл мамыр айында шыққан. Linkin Park екі мәрте Grammy сыйлығына лауреат болған.
Shocked and heartbroken, but it's true. An official statement will come out as soon as we have one.
— Mike Shinoda (@mikeshinoda) 20 июля 2017 г.
Показать комментарии
Читайте также