Мария Мудряк әйгілі Пласидо Домингомен өнер көрсетті

Опера әншісі Мария Мудряк әйгілі испан теноры Пласидо Домингомен бірге өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Маэстромен жұмысы туралы қазақстандық әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

Әртіс Пласидо Домингоның спектакль кезінде дирижерлік еткенін айтты. Операны тенордың жары Марта Доминго қойған.

Мария Мудряк: Қазақстанды танытып жүргенімді енді-енді түсінемін

Реклама
Реклама

"Маэстро Доминго секілді ұлы әртістермен жұмыс істеу не деген бақыт екенін білсеңіздер ғой, оның таңғаларлық техникасын көру және кәсібилігін үйренуге мүмкіндік алу!", - деп жазды ол. 

Мария Мудряк Италияда тұрады және сонда жұмыс істейді. Бұл елге ол он жасында келген. Сонда орта білім алып, Джузеппе Верди атындағы Милан мемлекеттік консервоториясына түскен, "Болашақ" бағдарламасымен музыкалық академияны тәмамдаған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама