ПОДЕЛИТЬСЯ
06 ақпан 2019 | 09:16
Майк Джексоннан педофилия ісі бойынша жауап алу видеосы жарияланды
Ұлыбританияның Daily Mail басылымы поп-музыка королі Майкл Джексонның педофилия ісі бойынша тергеудің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлыбританияның Daily Mail басылымы поп-музыка королі Майкл Джексонның педофилия ісі бойынша тергеудің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жазба Нью-Йорктегі Four Seasons қонақүйінде 1996 жылы 1 наурызда түсірілген. Джексоннан бірнеше адамға қатысты зорлық-зомбылық ісі бойынша жауап алынған: Джордж Чендлер, Бретт Барнс және "Один дома" фильміндегі рөлімен белгілі Маколей Калкин. Олар атақты Neverland ранчоcында жиі кездесетін.
Заңгердің кеңесімен Майкл Джексон балаларды қорқытуға қатысты сұрақтарды елемейді және өзін өте оғаш ұстайды: күледі, бетін қолмен жауып, есінейді.
Десе де ол жауап алу барысында бірнеше сөз айтты. Өзін "қара адам" деп атады және терісін ағартқанын мойындамады. "Мен гей емеспін", - деді әнші.
Мұның алдында Майкл Джексонның туыстары мәлімдеме жасаған еді.
Показать комментарии
Читайте также