Мемлекет басшысы Роза Рымбаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Роза Рымбаеваны қабылдады © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында ел мәдениетін дамыту мәселесі талқыланды.

Роза Рымбаева Қазақстан Президентіне өзінің шығармашылық қызметінің 45 жылдығына орай еліміздің барлық аймағында жеке концертін ұйымдастыру жайындағы жоспарын айтты. Сонымен қатар әнші талантты жас музыканттарды қолдауға бағытталған мәдени орталық ашу туралы ойын бөлісті.

Жарнама
Жарнама

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Президент Роза Рымбаеваны марапаттады

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама